Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

«НУРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ЖОБАЛАР

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау үшін «Нұрлы Жол» бағдарламасына еліміздің көлік-логистикалық жүйесі мен көлік қуаттылығын өткізу мүмкіндіктерін арттыруды одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар инфрақұрылымдық жобалар қосылды.
 
Атап айтқанда, бұл «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы Құрғақ порты, «Боржақты – Ерсай» темір жол желісі, Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы, сондай-ақ Алматы – Шу учаскесін электрлендіру арқылы екінші темір жолын салу.
 
Әр жоба бойынша бөлек қысқаша баяндауды рұқсат етіңіз.
 
«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында Құрғақ портын салу бойынша
 
Болжанған мәліметтерге сәйкес «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы арқылы өтетін болашақтағы жүк ағынының көлемі 2020 жылы 4,4 млн. тоннаны құрайды.
 
Өз кезегінде, арнайы экономикалық аймақта құрғақ порттың құрылысы болашақтағы Қытай транзиттік жүк ағынының көлемін қайта бағдарлауға, оның ішінде Ақтау портына бағыттауға мүмкіндік береді. Келесі жылы порттың қуаттылығын жылына 2,5 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік беретін Ақтау портын кеңейту бойынша жұмыстар аяқталатынын ескеру қажет.
 
Жобаның жалпы құны – 78,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде Ұлттық қордан – 38,4 млрд. теңге және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ зайымдық қаражаты – 40,4 млрд. теңге.
 
Жобаны 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.
 
Анықтама:
 
Қазіргі уақытта мердігер ұйымдарының жеткізілуі, вахталық кенттер ұйымдастырылған, тікелей жоспарлау (10 млн. м3) және құрылыстың
1-ші кезегінің рельс-шаплды торы (9 км, оның ішінде кең жол табан бойынша 4 км және 5 км жіңішке жол табан) бойынша 100%-ға, контейнерлік терминалдың аумағы бойынша (90 мың м2) 90% жұмыстар орындалды.
 
Объектіде 663 адам және 302 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
 
Жобаның тапсырушысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ, мердігері – «АБК – автожол НС» ЖШС болып табылады.
 
Ұзындығы 14 км Боржақты – Ерсай темір жолы құрылысы бойынша
 
Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қазандағы Маңғыстау облысына іс сапары барсында жобаны бастауға тапсырма берілген болатын.
 
Жобаны іске асыру Құрық портының объектілерін, Ерсай металлқұрылым зауытын, сондай-ақ кеме жасау зауыты мен паромдық кешенді темір жолмен қосуды қамтамасыз етеді.
 
Жаңа желінің өткізу мүмкіндігі шамамен жылына 5 млн. тоннаны құрайды.
 
Жалпы құны 9,5 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан 9,6 млрд. теңге, қалған 2,8 млрд. теңге – бұл ҚТЖ-ның өз қаражаты.
 
Бүгінгі күні техника-экономикалық негіздемеге «Мемлекеттік сараптаманың» қорытындысы алынды, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ және жобаның мердігері «Темір жол жөндеу» ЖШС арасында жобалық-іздестіру мен монтаждық жұмыстарға келісім шарт жасалды. Монтаж жұмыстарының басталуы 2015 жылдың 1-тоқсанына жоспарланған.
 
Құрық портындағы паромдық кешен құрылысы 2015-2016 жылдарға жоспарланған. Қазіргі уақытта жобалық құжаттар дайындалуда, ал құрылысты келесі жылдың ортасында бастау жоспарлануда.
 
 Жобаның болжамдық құны 16,9 млрд. теңгені құрайды, оның 70% (11,8 млрд. теңге) Ұлттық қордан, ал қалған 30% ҚТЖ-ның қаражаты есебінен.
 
Жобаны Жезқазған – Бейнеу жаңа желісімен, Әзірбайжан Алят портындағы жаңа паромдық терминалдармен, сондай-ақ салынып жатқан Карс – Ахалкалаки темір жол желісі құрылысымен бірге іске асыру Еуропа нарығына шығатын тікелей мульти модальдық дәлізді ашуға мүмкіндік береді.
 
Жалпы Құрық портындағы паромдық терминалдың жобалық қуаттылығы жылына 4 млн. тоннаны құрайды, нәтижесінде қазақстандық порттардың жалпы өткізу мүмкіндігі жылына 25 млн. тоннаға жеткізілетін болады.
 
Алматы – Шу темір жол учаскесінде екінші жолдар құрылысы бойынша
 
Жобаны іске асыру Шу – Алматы учаскесінде поездар қозғалысын ұйымдастыруда жіңішке орындарды жоюға, сондай-ақ жүктердің өткізу мүмкіндігін 30 млн. тоннадан 120 млн. тоннаға дейін арттыруға және поездар қозғалысының уақытын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді.
 
Учаскенің ұзындығы 124,5 км құрайды.
 
Жобаның жалпы құны 39,7 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде Ұлттық Қоры қаражатынан 2015 жылы 8,3 млрд. теңге, 2016 жылы – 19,4 млрд. теңге бөлінетін болады.
 
Жасалған есептер бойынша көрсетілген учаскеде болашақтағы тасымалдау көлемі 2020 жылы 13,5 млн. тонна, 2027 жылы 14,1 млн. тоннаны құрайды.
 
Жобаны іске асыру 2015-2018 жылдарға жоспарланған.
 
Қазіргі уақытта техника-экономикалық негіздеме әзірленуде және 2015 жылғы мамырда бекіту жоспарлануда.
 
Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2015 жылы бастау жоспарлануда. 
© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

КАДР ЖҰМЫСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ