Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2208/18
Программа индустриализации благоприятно влияет на устойчивость и рост обрабатывающего сектора

Индустрияландыру бағдарламасы өңдеу секторының тұрақтылығы мен өсіміне оң әсерін тигізеді

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында жасаған баяндамасында мәлім етті. Оның айтуынша, Индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру 2015 жылы басталды, сондықтан Бағдарламаның іске асырылуы базалық 2015 жылмен салыстырылып қорытындыланады.

«Бағдарламаның іске асырылуы өңдеу секторының тұрақтылығы мен динамикасына оң әсерін тигізді. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінің үлесі Жалпы ішкі өнімде 2015 жылдың 3 айындағы 11,6%-дан 2018 жылдың 3 айында 12,9%-ға дейін, өнеркәсіпте –  39,5%-дан 40,9%-ға дейін, экспорт – 2015 жылдың 2 айындағы 24,4%-дан 2018 жылдың 2 айында 28,7%-ға дейін, тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 2015 жылдың 3 айындағы 15,5%-дан  2018 жылдың 3 айында 17,6%-ға дейін өсті», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, индустрияландыру дайын өнім шығаруға бағытталған өңдеу өнеркәсіп салаларындағы (химия өнеркәсібі, машина жасау, жиһаз, құрылыс материалдарының өндірісі және тағы да басқалар) кәсіпорындардың санын арттыруға мүмкіндік береді. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 2010 жылмен салыстырғанда өңдеу салаларында жұмыс істейтін қосымша 3,5 мың кәсіпорын пайда болды.

Негізінен өсім машина жасау (805 бірлік), азық-түлік өнеркәсібі (545 бірлік), құрылыс материалдары (514 бірлік) кәсіпорындары санының өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Олардың жалпы сомалық үлесі өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарының жиынтық өсімінде 50% -дан асты. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің 2018 жылғы 2 айдағы республика бойынша орташа  экспорт көлемі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,5%-ға артып, 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

«Тауарларды экспорттау географиясы кеңейіп, қазіргі уақытта 123 елге 800-ге жуық тауар түрі экспортталады. Кейбір тауар түрлерін экспорттайтын жаңа өткізу нарықтары ашылды. Мысалы, 2018 жылы біз машина жасау өнімдерін және құрылыс материалдарын Өзбекстанға, химия өнімдерін Украинаға жеткізуді бастадық»,- деді экспорт жайлы айтқан министр.

Жеңіс Қасымбектің ақпары бойынша, азық-түлік өнеркәсібінің өнімдері шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Экспорттың сомалық көлемі 112 млн. АҚШ долларын құраған. Атап айтқанда, Иранға, Бахрейнге ет өнімдерін жеткізу басталды, Ресейге ет өнімдері, мал және өсімдік майлары, Қытайға өсімдік майы, Өзбекстанға қант экспорты артты.

Фото мұрағаттан алынды


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

КАДР ЖҰМЫСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ