Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

Тұрғын үй комиссиясының кейбір мәселелері туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Тұрғын үй комиссиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 74 бұйрығына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Тұрғын үй комиссиясының құрамына:

Тастамбекова Гүлмира Нұрғалиқызы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қаржы департаментінің директоры;

Буштаев Серік Қанатұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті бағдарламалық құжаттар мониторингі басқармасының басшысы, «SERPIN» бастапқы кәсіподақ ұйымының «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық берлестігінің мүшесі енгізілсін;

көрсетілген құрамнан Нұрлан Әжімбекұлы Жүнісов және Бақытжан Ерсінұлы Көккөзов шығарылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.

 

 

Министр                                                                                     Б. Атамқұлов

© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

HUMAN RESOURCE DEPARTMENT