Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

News

2208/18
МИР РК ведет мониторинг отгрузки угля на коммунально-бытовой сектор и населению

ҚР ИДМ коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халыққа көмірдің жеткізілуін қадағалайды

Биыл жылу беру маусымына дайындық басталғалы (1 мамырдан 16 тамызға дейін) теміржол көлігімен 18 621,2 мың тонна көмір тасымалданды. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 753,9 мың тоннаға (4,2%) артық. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында жылу беру маусымына қатысты жасаған баяндамасында айтты.

Министрдің айтуынша, асымалданған 18,6 млн. тонна көмірдің 2,8 млн. тоннасы коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке тиесілі.  Ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 600 мың тоннаға артық.

Сондай-ақ, бірқатар өңірлер көмір жеткізудің жоспарлы көрсеткіштерін орындамаған.

«17-ші тамыздағы әкімдіктердің берген ақпараты бойынша кейбір өңірлерде көмірді жеткізу жоспарлары орындалмағанын көріп отырмыз. Мысалы, Жамбыл облысында жылу беру маусымынан тамыз айына дейін жоспар бойынша 71 мың тонна көмір жеткізілуі керек еді, іс жүзінде 24,7 мың тонна ғана жеткізілген. Жоспар 34,8% ғана орындалған. Алматы қаласында жоспар бойынша 23 мың тонна, іс жүзінде 14 мың тонна жеткізілді. Жоспар 61%-ға орындалған», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындаған өңірлер де бар.  Көмірді тиеу жоспарының орындалмауына жүк жөнелтушілерден бас тарту хаттарының түсуі, жеке-меншік вагондардың уақтылы келмеуі және тиісті көлемдегі көмірдің тиелмеуі себеп болды. Осыған байланысты, Министрлік «Қазақстан Темір Жолы» Акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, ішкі байланысты көмір тиеумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Жалпы республикаішілік қатынаста көмір тиеу 91% орындалды. Бүгінгі күні тасымалдауға «Қазақстан темір жолы» Акционерлік қоғамы паркінің шамамен 9 мың вагоны жұмылдырылған. Тасымалдау көлемі ұлғайып, қосымша вагон керек болса басқа теміржол әкімшіліктерінен 1000 вагон тартылатын болады», - деп хабарлады министр.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының жылу беру маусымына дайындық барысын саралайтын болсақ, 10 232 білім беру нысаны немесе 94%-ы дайындалды. 6 298 денсаулық сақтау нысанын дайындау жоспарланған болатын. Қазір 5 971 нысан немесе 95% дайындалды. Жөндеуге жоспарланған 45 503  тұрғын үйдің 35 551  немесе 79% жөнделді.

«Әкімдіктер 10 558 автономдық қазандықты жөндеуді жоспарлаған болатын. Қазіргі уақытта 9 521 (91%) қазандық дайын. Жоспарланған 2 194 км жылу желілерінің қазіргі уақытта 1 894 километрі немесе 87% жөнделді»,- деді министр.

Автономды қазандықтарға алдағы жылу беру маусымына отынның қажеттілігі 1 852 мың тонна көмір және 168 мың тонна мазут. Бүгінгі таңда дайындалғаны 1 255 мың тонна көмір (68 %)  және 80,7 мың тонна мазут (немесе 48%).

Фото мұрағаттан алынды


© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

HUMAN RESOURCE DEPARTMENT