Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

News

1708/18
Завод по производству энергоэффективных насосов начал функционировать в Алматинской области

Алматы облысында энергиялық тиімді сорғылар өндіретін зауыт іске қосылды

Алматы облысының Іле ауданында энергиялық тиімді сорғылар өндіретін зауыттың іске қосылуының нәтижесінде 50-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Инвесторы немістің «WILO SE» компаниясы. Зауыттың ресми түрде ашылу салтанаты келесі аптаға жоспарланған.

«WILO SE» инженерлік жүйелерге, сумен жабдықтау жүйелірне, су тарту және өнеркәсіп салаларына арналған сорғылар мен премиум-класс сорғы жабдықтарын өндіретін әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Компанияның әлемнің 60 елінде өкілдігі бар.

Зауыт жылына шамамен 570 бірлік консольдық сорғылар, өрт сөндіру және қысымды көтеру станцияларын, қосарланған сорғыларды және т.б. шығаратын болады. «Kazakh Invest» тарапынан шетелдік инвесторға компания өнімдерін сертификаттауды ұйымдастыруға көмек көрсетілді.

««WILO SE» зауытына машина жасау саласының алдыңғы қатарлы технологиясы енгізілуде. Бұл Қазақстан Республикасында осы саланы дамытуға оң серпін береді, деп үміттенеміз», - деп атап өтті «WILO SE» өкілі.

Технологиялық процессте «WiloCare» инновациялық пакетін пайдаланылатын болады. Ол сорғылар мен жүйелердің жұмысын үнемі бақылап отыруға, оларға техникалық қызмет көрсету мен оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Алматы облысында энергиялық тиімді сорғылар өндіретін зауыт іске қосылды

Алматы облысында энергиялық тиімді сорғылар өндіретін зауыт іске қосылды


© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

HUMAN RESOURCE DEPARTMENT